Алматыда QALAMDAS – 2025 әдеби сыйлығының иегерлерінің есімд...
Алматыда QALAMDAS – 2025 әдеби сыйлығының иегерлерінің есімдері белгілі болды
31 мамырда Алматыда тәуелсіз QALAMDAS әдеби сыйлығының иегерлерінің есімдері салтанатты түрде жарияланды. Ольга Маркованы еске алуға арналған бұл әдеби сыйлық биыл үшінші рет табысталып, отандық әдебиеттің кеңістігін кеңейтіп отыр.
2025 жылы қазылар алқасы қазақ және орыс тілдеріндегі бес номинацияда жеңімпаздардың есімдерін атады.
Қазақ тіліндегі номинациялардың иегерлері:
• Проза — Темірлан Қылышбек (Талдықорған)
• Поэзия — Саян Есжан (Астана)
• Балалар әдебиеті — Олжас Қасым (Астана)
• Әдеби сын — Алтынбек Мерсадық (Астана)
• Орыс тілінен қазақ тіліне көркем аударма — Зеберкүл Шардарбекова (Жамбыл облысы)
• Қазақ тілінен орыс тіліне көркем аударма — Ерлан Нугметов (Алматы)
Орыс тіліндегі номинациялардың иегерлері:
• Проза — Айнур Карим (Алматы)
• Поэзия — Ольга Кувшинникова (Өскемен)
• Балалар әдебиеті — Надежда Бычкова (Алматы)
• Әдеби сын — Алла Джундубаева (Алматы)
Жоба Алматы Ашық Әдебиет Мектебі мен «Дактиль» әдеби журналының бастамасымен, EZ Solutions ивент-агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Похожие каналы





